Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

АҚЫЛ КҮШІ


 


Ертеде кісікиік деген, жыртқыш киіктер болыпты. Ол киіктер аң аулап, шыққан адамдарды иығымен соғып өлтіре береді екен. Киік аулаған адамдардың көбі сол кісікиіктерден қорқып, аң аулауға сирек шығады екен.

Бір күні бір кедей кісі баласына:
—       Екеуміз аң аулауға шықсақ қайтеді?— дейді. Сонда баласы:
—       Әке, бізді кісікиік өлтіріп тастамай ма?— деп сұрайды.
—       Жоқ, балам. Мен бір амал ойлап тауып отырмын. Осы жолы кісікиіктен аман кұтылып кетеміз,— деп, әкесі аңға баласын ертіп шығады. Олар көп аң атып алады. Содан күн кешкіріп, қараңғылық түсе бастайды.
Әкесі:
—       Балам, сен мына жерге отын жинап қой,— дейді.

Үстеріне кигендері қой терісінен тігілген тон мен шалбар екен.

Әкесі атып алған бір анның майлы жерінен кесіп алып, әлгі тықыр тонның үстіне жағады, баласына да соны істетеді.

Мұны көріп отырған кісікиіктер де бұлардың істегенін істегісі келіп, ымдап сұрайды. Майдың сырына түсінбеген кісікиіктер майды алады да, үстілеріне жағады. Сол кезде аңшы әлгі тонның үстіне от қойған құсайды. Ал тақыр тон мен шалбар жанбайды. Кісікиіктер де денелеріне май жағып болып, отқа жақындайды. Бір кезде майлы денелеріне от тиіп, жана бастайды. Енді олар отты сөндірмек болып, біріне-бірі сүйкеніседі. От одан сайын қаулап, бәрі бірдей өртеніп өледі.

Сөйтіп, аңшы кісікиіктен аман қалады.

 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен