Рейтинг@Mail.ru

Қазақ ертегілері -Тұрмыс-салт ертегілері

АҚСАҚ ҚҰЛАН


 

Ертеде Алаша хан деген қаһарымен елді қалтыратқан мейірімсіз хан болыпты. Онын жалғыз ұлы бар екен. Ол бір күні аң аулауға шығады да, бір үйір құланға кезігеді. Баланың атқан садағының оғы бір құланның аяғына тиеді. Ақсақ құлан аксандап қашады. Сөйтіп, баланы өзінің үйірінен алыстата береді. Ханның ұлы соңынан қалмай қуады. Ақсақ құлан қаша-қаша үйіріне келіп қайта қосылады. Сол кезде аты болдырып титықтаған хан баласын құландар ортаға алып тепкілеп өлтіреді.

Жалғыз ұлы хабар-ошарсыз жоғалған хан іздетіп адамдар жібереді.

—        Естерінде болсын, кімде-кім суык хабар естіртсе, көмейіне қорғасынды балқытып кұйғызамын,— деп ескертеді хан.

Іздеушілер кұлан теуіп өлтірген хан баласының өлігіне тап болады.

—        Ал енді мұны ханға қалай естіртеміз,— деп дал болады дүйім жұрт. Сонда қаршадай бір бала:

—        Мен естіртемін,— дейді де, домбырасын ұстап ханның ордасына келеді. Ханның алдына жүгініп отыра қалады да, ләм деместен домбыраны сарнатып тарта жөнеледі. Күйдің қайталай берген ырғағынан хан:

«Ақсақ кұлан шошыған,

Балаң өлген осыдан»,—

деген суық хабарды айқын ұғады да:

 

— Ойбай, жалғызым, кұрыған екенсің!— деп өкіріп жібереді.

Хан жарлығы екі бола ма, енді кімнің көмейіне балқыған қорғасын құю керек. Суық хабарды естірткен домбыра. Хан қорғасынды домбыраның шанағына құйдырған екен. Домбыра шанағының тесігі содан дейді.


 

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен