Рейтинг@Mail.ru

Сүндет тойының әндері


СҮНДЕТ ТОЙҒА ШАҚЬІРУ
 
Ер баланы сүндеттеу,
Ескерілмей шаң басқан.
Сол дәстүрді құрметтеу,
Мен арқылы жалғасқан,
Молда келіп сәлделі,
Отырғызды сүндетке.
„Мұсылмансың сен",— деді,
Имандылық міндеттеп.
Ашамайға мінгенім,
Елді аралап жүргенім —
Жөн, жоралғы, жол сұрап,
Ауыл-үйге кіргенім.
Ал, кәнеки, көріңдер,
Көрімдігін беріңдер.
Сүндет тойға шақырдым,
Бәрің тойға келіңдер!

* * * * * * * * * * * *
 
СҮНДЕТАШАР

Әу!
Ал, балақан, балақан!
Саған елді қаратам.
Ерке болып еліне,  
Балпаңдаған балапан.
Пышақ тиіп теріңе,  
Талтаңдаған балапан.  
Жиналған жұртқа таңданып,  
Жаутаңдаған балапан.  
Сүндеттеліп сәтімен,
Сен де болдың мұсылман.  
Қызыр бабаң қыдырып,  
Кетпей жүрсін тұсыңнан.  
Мұхаммедтің өзі еді,  
Имандылық ұсынған.
 
Жаңа ғұрып бастайық,
Сөз тыңдасаң кішкене.
Ел қуансын кәнеки,  
Көзін тігіп пішпеңе.
Мұсылмандық жолмеп жүр,  
Күпір қылық істеме.
Берсін елің пішпеңе  
Көрімдігін үстеме.
 
Ал, халайық, халайық,  
Балапанға қарайық.
Діиімізді құрметтеп,
Мұсылманға санайық.
Діннің жолы — түзу жол,
Түзу жолды қалайық.  
Көрімдігін сүндеттің
Қоржынына салайық.
 
Ал, келіңдер, келіңдер,  
Сүндетті ұлды көріңдер,
Ата ғұрып  жолымен
Баталарың беріңдер.
 
Ал, балдырған, балдырған, 
Жұрт мейірін қандырған.
Балам жігіт болды деп,
Еліне жар салдырған,
Алыстағы жақынын
Ат жібертіп алдырған,
Мұсылмандық дәстүрді  
Отауында жандырған,  
Ата-анаңа мол құрмет.
 
Мұсылмандық — бір міндет,  
Құтты болсын бұл сүндет,  
Мың көрсетпе, бір көрсет.  
Ақ сақалды атаңа,  
Балақаным, бір көрсет!
 
О-о-о-у!
Ал, бүлдіршін, бүлдіршін,
Бүлдіршінің күлдірсін,
Еліменен бір жүрсін,
Аты желіп тың жүрсін.
Бұған да бір тәубе деп,
Шөптің басын сындырсын.
Көпті көрген қарт ана,
Көргендігін білдірсін.
Сүндет қоржын ұшына,
Сөлкебайын ілдірсін.
Мұсылмандық — бір міндет,
Құтты болсын бұл сүндет,
Мың көрсетпе, бір көрсет,
Кимешекті әжеңе,                           
Бүлдіршінім, бір көрсет!
О-о-оу!
Ал, бөбегім, бөбегім,
Құрметтеуде сені елің.
Имандылық ұшқынын  
Келбетіңнен көремін.
Асқар тауың, қорғаңың,
Саясы мол орманың
Қалап еді ұлының                                               
Шын мұсылман болғанын.
Әкеңнің тілін ала жүр,
Жаман бала болмағын.
Балапаны қыранның,
Қанатыңды   қомдағын.
Қырандардай биікте,
 
Қиялдарда самғағын.
Өмір жолы — ұзақ жол,
Ұзақ жолда талмағын.
Еңбек, өнер, ғылымда  
Қатарыңнан қалмағын.
Биік болсын талғамың,  
Халқың сыйлар адам бол,  
Орындалсын арманың.
Мұсылмандық — ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет,
Мың көрсетпе, бір көрсет,
Асқар тауың — әкеңе
Бөбекжаным, бір көрсет.
 
О-о-о-у!
Ал, құлыншақ, құлыншақ,
Төбесінде тұлымшақ.  
Аналардың қадірін
Ақ тілеумен ұғынсақ:
Құшағына енгізіп,
Ак, торсығын емізіп,
Алпыс екі тамырын
Алғыспенен идірген,  
Жанарынан нұр құйып,  
Мейірімін білдірген.
Ақ бесікке мәпелеп,  
Қоңырауын ілдірген.
„Құлыным" деп өлпештеп,  
Алаңсыз-шат күлдірген.
Тұсауыңды кестіріп,  
Той-тойлатып жүргізген.
Мұсылмандық — ұлы міндет,  
Құтты болсын бұл сүндет!  
Мың көрсетпе, бір көрсет,
Ак, жаулықты апаңа
Құлыншағым, бір көрсет.
 
О-о-о-у!
Көгершінім дегенде
Тілім неге бөгелсін.
Келешегің, бөпешім,
Нағашыңмен көгерсін.
Туған жерің-сен еккен,
Ағашыңмен көгерсін.
Қиналғанда қысылмай,
Нағашыңа сенерсің.
Нағашыңның бар ісін,
Көгершін, немен төлерсің?
Есейгенде ер болып,
Жақсылыққа бөлерсің.
Мұсылмандық — ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!
Мың көрсетпе, бір көрсет,
Нағашыңа құрметпен,
Көгершінім, бір көрсет!
 
О-о-о-у!
Ал, қарғашым, қарғашым,
Саған айтар бар ма сын?
Өлеңімді бітейін,
Ұзақ күтіп талмасын.
Ел бастайтын көсем бар,
Сөз бастайтын шешен бар,
Қол бастайтын батыр бар,
Жыр бастайтын ақын бар.
Нағашың бар, жиен бар,
Періштең бар, киең бар,
Үлкен де бар, кіші бар,
Ел қадірлер кісі бар,
Сен қастерлер адам бар,
Неше түрлі маман бар.
Талай адам бата алған,
Әжең де бар, атаң бар.
Жездең де бар, апаң бар,
Әкең де бар, шешең бар,
Сүндет тойға жиналған,
Қаумалаған халқың бар.
Сүндеттейтін ұлдарын,
Мұсылмандық салтым бар!
Сол салтымды, қарғашым,
Халқым әрі жалғасын.
Мұсылмандық — ұлы міндет,
Құтты болсын бұл сүндет!
Мың көрсетпе, бір көрсет,
Алқалаған халыққа,
Қарғашым, және бір көрсет!
 
* * * * * * * * * * * *

ТОЙБАСТАР

Өмірге кімдер келіп, кім кетпеген,
Жақсыны жақсы ғана білмек деген.
Сәрсенбі — сәтті күні той қылыпсыз,  
Тойыңыз құтты болсын сүндеттеген.
 
Ендеше мұсылмандық, мұсылмандық,
Тойыңды біз бастаудан қысылмалық.  
Балаңның сүндетіне, құрметіне
Азырақ алты ауыз ән ұсыналық.
 
Ән айттым пайғамбардың үмбетіне,
Сөз жаздым ақ қағаздың бір бетіне.
Тойыңыз құтты болсын сәрсенбінің
Сәтінде той жасаған сүндетіне.
 
Ендеше қарағайлы, қарағайлы,
Топ жылқы қарағайды аралайды.
Ән шырқап, әзілдесіп отыралық,
Үндемей қойғанымыз жарамайды.
 
Ендеше теріскейлі, теріскейлі,
Топ жылқы теріскейді тегіс жейді.
Бұл тойды сіз бастаңыз, біз қошталық,
Бастамай отырғаның келіспейді.
 
Ендеше күнгей еді, күнгей еді,
Топ жылқы күнгей шөбін түнде жейді.
Той бастау ел дәстүрі, халық салты.
Қандай жан тойға келіп үндемейді.
 
Баласын молда келіп пішкеп бе екен,
Жолына мұсылмандық түскен бе екен,
Өзім де ақын едім арындаған,
Көпшілік той бата ден күштер ме екен!
 
* * * * * * * * * * * *
 
КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМ
Өлеңін жазған — Қ. Ыдырысов Әнін жазған — Е. Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге
келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке,
тоқ шеке
Бақ болар, деп ойладым.
Ашық жанар —
көңілің
Ақ болар, деп ойладым.
Қуанышым —
арай жүз,
Сөйлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара —
өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботақаным,
сен үшін.
Не деп енді мақтайын?
Айтуға сөз таппаймын.
Сөйлеп кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші,
келші,
балашым,
Бір иіскемей
жатпаймын.

* * * * * * * * * * * *
 
АНА ТІЛІН СҮЙЕМІЗ
Өлеңін жазған — Ш. Сариев Әнін жазған — К. Дуйсекеев

Мейірі мол балаға,
Бар әлемде апаға,  
Басымызды иеміз.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
 
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз.
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
 
* * * * * * * * * * * *

АҚ ТАЙЛАҚ
Өлеңін жазған — Ә. Дуйсенбаев Әнін жазған :— Ә. Еспаев

Асау тайлақ, ақ тайлақ,  
Мініп келем қақпайлап.  
Желеді ол тайраңдап,
Жұрт қарайды қайрап қап.
Бала біткен шулайды,  
Тайлақ үркіп тулайды.
Шөк дегенді ұқпайды,
Үй маңынан шықпайды.
 
Ақ тайлақ-ау, ақ тайлақ,
Бұл қыдығың жақпайды-ақ.
 
* * * * * * * * * * * *

ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ
Өлеңін жазған — А. Асмлбеков Әнін жазған — М. Әубәкіров

Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Ата сөзі санамда —
Жасы үлкенге жол берем.  
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.
 
Атам менің әманда  
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда —  
Мақтанбауды жөн көрем.  
Өзгелердең өзімді
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,  
Желпінгенім жоқ әлі.
 
Атам менің әманда  
Әділетті бол деген.

Ата сөзі санамда —
Жүрем тура жолменен.
Қалдырады үятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.  
Жеткізеді мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
 
* * * * * * * * * * * *
 
ТОҚТА, БАЛАМ, АТАҢ КЕЛЕДІ АРТЫҢДА
Өлеңін жазған — М. Мақатаев Әнін жазған — С. Оразбаев


Шілдехана тойының әндері

Тұсаукесер тойының әндері

Қыз ұзату тойының әндері

Үлену тойының әндері

Қазақ елері мен әйелдердің есімдері


Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен
Қазақ  тілінде кітаптар