Рейтинг@Mail.ru

Халық әндері

Елім-ай.   Аққүм.    Екі жирен.   Жиырма бес.   Назқоңыр.  Баянауыл.  Шапибай-ау.  Бір  бала.   Жеңеше.   Абай көк.  Әпитөк.   Әупілдек.   Ой көк.    Қараторғай.   Шилі өзен.   Қамажай.  Қызыл бидай.   Ахау, Семей.   Шынар-ай.   Жастық дәурен өтеді-ай.   Дедімай-ау.   Алқоңыр.   Ахау, керім.   Боз жорға.   Ақ кебез.   Ақтолғай.   Гүлдерайым.   Көкем-ай.   Жариям-айдай.  Қанатталды.  Бүлдірген.   Ақ дариға.   Үкілім-ай.  Сары бидай.   Құдаша.  Аңшының әні.   Қарағым-ай.   Келіншек.  Тұған жер.    Сары жез құмған-ай.  Сөйле, қалқам-ай.   Сусамыр-елдің жайлауы.   Еркем-ай.   Қоңыр қаз, үйрек.   Әй-әй, бөпем.   Бау ішінде гүлімсің.   Угай-ай.   Әсем әнім сырнайдай.   Жетіарал жерім-ай.   Бұран бел.   Угай-угай.   Жан қалақтай. 

Қара жорға.   Қалақтайдың даусы-ай!   Әгугай.   Замандас.   Қоғалы.     

 

Елім-ай

Қаратаудың басынан көш келеді,      
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Ел-жұртынан айрылған жаман екен,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Мына заман қай заман? Бағы заман,
Баяғьідай болсайшы тағы заман,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Атадан үл, енеден қыз айрылды,
Көздің жасын көлғылып ағызамын,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Мына заман қай заман? Қысқан заман,
Бақыт құсы алаштан үшқан заман,
Елім-ай, Елім-ай.
 
Көк аспаннан топырақ, шаң борады,
Күні суық қаңтардан, қыстан жаман,
Елім-ай, Елім-ай

* * * * *
 

Аққұм
 
Аққұмның бір қызы бар іңкәр атты,
Сөзі бар алуа,шіекер, балдан тәтті.
Адамның өзім көрген абзалы екен,
Айтайын өлең қылып перизатты...
 
Көзімнің жанарындай сәулем едің,
Көңілімнің қуанышты дәурені едің.
Ойымнан жатсам-тұрсам еш кетпейсің,
Басымды не сиқырмен әуреледің?!

* * * * *
 
Екі жирен
 
Көшкенде жылқы айдаймын аламенен,
Аулыңа барушы едім даламенен.
Түскенде сен есіме, беу қарагым,
Сағынып сарғаямын санаменен.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Екі жирен, жалын түйген,
Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген.
 
Ғизатлу хат жазамын, қалқам саған,
Самарқау, осы күнде көңілім шабан.
Мұғаллақ екі дүние бірінде жоқ,
Дариға осыменен өтті заман.
 
Қ а й ы р м а с ы:

* * * * *
 
Жиырма бес
 
Беріп кет сақинаңды мыс та болса,

Жүрейік  күліп-ойнап қыс та болса.
Таста да етігіңді байпақшаң кел,
Көрейін өз сорымнан ұстап алса.
 
Қ а й ы р ма с ы:
 
Аха-хау, жалған,
Жиырма бес қайта айналып,

дүние-ау, келмес саған.
 
Қайғысыз қара жүрек зарламайды
Екі дос бірін-бірі алдамайды.
Қара тас ұйқың келсе болар мамық,
Шын ғашық сұлулықты таңдамайды.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *
Назқоңыр
(Ай қабақ)


Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең, неге аяйын аттың терін.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.
 
Базардан алып келген күміс құман,
Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей тату едік,
Біздерге қастық қылған қай антұрған

* * * * *
 
 
Баянауыл
 
Баянауыл басынан бұлт кетпес,
Қиядағы түлкіге құсым жетпес.
Ақбоз үйдің сыртынан шығарып сап,
Қош, ағатай, дегенің естен кетпес.
 
Баянауыл басында балалы құр,
Бір сөз айтам, қалқатай, мойныңды бұр.
Ауылыңның тұсынан аттанғанда,
Ақбоз үйге сүйеніп қара да тұр.
 
 * * * * *
 
Шапибай-ау
 
Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап, келсем жаяу,
Шапи қыз жатыр екен, уйқылы-ояу.
 
Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед,
Шапи қыз сәлем айтып келсін деп ед.
Шомылған айдын көлде аққудай боп,
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
 
* * * * * 
 
Бір бала
 
Талдан таяқ жас бала таянбайды,
Бала бүркіт түлкіден аянбайды.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Угай-ай,
Ән салшы-ай,
Бір бала-ай.
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.
 
Елдің көркі, ақ тоты бір баласын,
Көзі қиып қай дұшпан жамандайды.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
* * * * *

 
Жеңеше
 
Айдап салдым жылқымды тепсең жерге,
Сіздей адам табылмас ексем жерге.
Намаздігер, намазшам арасында,
Асыққаннан тимейді өкшем жерге.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
А-а-ай, жеңеше-ай,
Мінезің сенің өзгеше-ай.
 
Айдап салдым жылқымды ошағанға,
Салсам құрық жетпейді қашағанға.
Аулың шалғай кеткенде, беу қарағым,
Нендей медет етейін жасағанға
 
Қ а й ы р м а с ы:


* * * * * 
 
Абай көк
 
Күміс те алтын, мыс та алтын, алтын да алтын
Сыр болмайды жақсыда айтылмайтын.
 
Қайырмасы:
 
Абай көк, гүлім-ай деп,
Өтті-ау жалған, қайтейін,
Дүние-ай деп.
 
Бәрі бірдей сыртынан алтынмын дер,
Отсыз, ойсыз жел сөзбен сарқылмайтын.
 
Қайырмасы:
 
Досым жайлы, ей, қалқа, досым жайлы,
Ынтымағы жаманның қосылмайды.
 
Қ а й ы р м а с ы.
Алды-артын ойлайтын ер-азамат,
Дүниеге мастанып отырмайды.
 
Қ а й ы р ма с ы.
 
* * * * * 
 
Әпитөк
 
Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Тіл-хат жоқ,
Ақша маңдай, қаракөз,
Өзіңіздей бекзат жоқ.
Тым болмаса,
Хат пен хабар
Сөзің жоқ.
 
Басынан биік таудың мұнар кетпес,
Кей адам уәде берген сертке жетпес, әпитөк.
Кебістің жалаң аяқ басын киіп,
Ей қалқа, қош дегенің естен кетпес, әпитөк.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
* * * * * 
 
Әупілдек
 
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше!
Қос қанат құсқа біткен, маған бітсе,
Барар ем қалқа жанға әлденеше!
 
Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер сол тұманның ашыларын?!
 
Еріксіз Әупілдекті мекен еттім,
Жасым жас, жиырмаға жаңа жеттім!
Айырған екі ашықты еңіретіп,
Ісіне бар ма шара қүдіреттің!..
 
* * * * * 
 
Ой көк
 
Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген,
Үстінде дүрия көйлек шәймен бүрген.
Сол қыздың сұлулығын мен айтайын,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
 
Қайырмасы:
 
Ой, көк, апырым-ай,
Жастық дәурен өте ме-ай?!
 
Сол қызды бір көргеннен болғам ғашық,
Сөйлесіп көрісуге көңіл ашып.
Сүймейді сұлу қызды қандай адам,
Тұрғанда туған айдай нұрын шашып!
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
* * * * * 
 
Қараторғай
 
(Сырдың «Қараторғайы»)
 
Құс болсаң жібектен бау тағар едім,
Күмістен тұғырыңды жабар едім.
Мойныңа сары алтыннан алқа тағып,
Қолға алып, сылап-сипап бағар едім.

Қ а й ы р м а с ы:
 
Салайын мен әніме
Қараторғай, қараторғай.
 
Болғанда қасың қара, шашың сүмбіл,
Албырап екі бетің жанар гүл-гүл.
Бейіштің гүл жамылған сарайында,
Сайраған тоты құстай сен бір бұлбұл.
 
 Қ а й ы р м а с ы:
 

* * * * *

Шилі өзен
Айналайын атыңнан, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Қ а й ы р м а с ы:
Шилі өзен қамыс-ай,
Бізді ойлай жүр, таныс-ай.
 
Сіз дария болғанда, мен қоңыр қаз,
Бауырым төсеп бетінде қалқыдым-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Айналайын қарағым, кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ»,
Қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай.
 
Қай ы р м а с ы.
 
 * * * * *


Қамажай
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі.
 
Қ а й ьі р м а с ы:
 
Ахау хайлилайьм, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп.
Көрмесе жарты сағат тұра алмауихы ед,
Апырмай кетті ме екен күдер үзіп.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Ертістің жағалауын жағалаймын,
Мұз болса көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Ауылына Қамажайдың барып жүрсе.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
 * * * * *
 
Қызыл бидай
 
Қыз емес, қыздың аты — қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай.
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын қүдай!
 
Қыз емес, қыздың аты — қызыл өрік,
Баршасы бірдей келсін мінез, көрік.
Сыртынан жүзін көрмей құмарланып,
Әркімдер жүрсе-дағы болып жерік.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *


Ахау, Семей
Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.
Қ а й ы р м а с ы:
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем
келмей.
 
Кеудесі жақсылардың алтын сандық,
Сандықты кілт болмаса кім ашады!
                                                                                            
К а й ы р м а с ы.
 
Көшкенде жылқы айдаймын ақ табанмен,
Болмайды жаман — жақсы мақтағанмен.
К а й ы р м а с ы.
Сүймесе несі қызық екі жастың,
Күйеу боп босағаны аттағанмен?!
 
К а й ы р м а с ы

 * * * * *
 
Шынар-ай
Қаратаудың басынан арша ап жүрмін,
Көтере алмай аршамды шаршап жүрмін.
 
Қайырмасы:
 
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.
 
Кішкентайдан бірге өскен, қарағым-ай,
Көре алмастан жүзіңді аңсап жүрмін.
 
Қайырмасы.
 
Айналайын, қарағым, орта бойлым,
Сары майдан айырып торта қойдым.
Қ а й ы р м а с ы.
Жаңа ғана жүзіңді көрсем-дағы,
Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Шынар-ай, әркім бір сізге құмар-ай,
Қайткенде көңілім тынар-ай.
Зибаш-ай,
Қасыңның қара қиғашы-ай. Құрбыңды, сәулем,
Сыйлашы-ай.
 
 
* * * * *
 
Жастық дәурен өтеді-ай
Мен қайтейін, кіші жұрт, басың биік,
Бауырында ойнайды ақша киік, еркем-ай.
Сен есіме түскенде, ерке сәулем,
Жүре алмаймын теңселіп, ішім күйіп, еркем-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Ақ койлектің етегі,
Желбір-желбір етеді.
Заманында күліп, ойна,
Жастық дәурен өтеді.
 
Ана бстпен жол еді мына бетке,
Сөйлеспедім өзіңмен шыгып шетке, еркем-ай.
Қайсыбірін айтайын, ай-ау, сәулем.
Енді кетіп барасың тұрмай сертте, еркем-ай.
 
Қа й ы р м а с ы.

* * * * *
 
Дедімай-ау
 
Айналайын, ақ жүзің, айдан әппақ,
Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ,  дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды,
Муз үстінде жүргендей тайғанақтап, дедімай-ау.
 
Қа й ы р м а с ы:
 
Алма ағаштың гүліндей-ау,
Текеметтің түріндей-ау.
Өтіп дәурен бара жатыр,
Сіз бен бізге білінбей-ау.
 
Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп шығасың күнде қырға,  дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай,
Мен өзіңді қосамын ән мен жырға,  дедімай-ау.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * * 
 
Алқоңыр
Еркем-ай, дәнекерсің айнадағы,
Шашақсың жалаулатқан найзадағы.
Жаратқан ақ боз аттай сылаң қағып,
Бейуақыт сейілге шық жайна-дағы.
 
Қайырмас ы:
 
Ахау-ахау, алқоңырдай,
Ән салсаң, ей бозбала,
Сал осылай.
 
Жазайын ақ қағазға тізілдіріп,
Қалқаға сөз сөйлейін сызылдырып.
Отырсаң ақ отауда мәслихатпен,
Шіркіннің екі көзін сүзілдіріп.
 
Қайырмасы.

* * * * *

Ахау, керім
Айналайын, қарағым, алтыным-ай,
Ақ жүзіңді көргенде балқыдым-ай.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Есен-аман жүрмісің, жарқыным-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той
Жүрген жерің.
 
Ризамын, жан қалқа, сертке жетсең,
Қиын-қыстау жерлерден аман өтсең.
Бір шыбындай жанымды құрбан етем,
Ғашығыңды өзің біл зар еңіретсең.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Аяй сарым,
Сәуле жаным.
Сағынғанда қайда едің,
Ғашық жарым.
Ахау, керім, бұраң белім,
Күнде жиын, күнде той Жүрген жерің.

* * * * *

Боз жорға
Боз жорға жорғаңа бас, алдыңда ел жоқ,
Ішетін шөлдегенде айдын көл жоқ.
Алыстан ат терлетіп келгенімде,
Ат ұстап, қарсы алатын бұраң бел жоқ.
 
Ауылдан мен де шықтым, күн де батты,
Боз жорға алма мойын ішін тартты.
Боларын бір сұмдықтың біліп едім,
Ауылы ғашық жардың алыс тартты.

* * * * * 
 
Ақ кербез
Мінген атым астымда бұқпа қара,
Ақ бетіңе шаң тисе ыққа қара.
Деңгейінен аулыңның ән салайын,
Танымасаң даусымды шық та қара.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Бетегелі белден боз,
Уағдалы еді айтқан сөз,
 Айрылысар күн туды,
Қош-есен бол, айдай,
Ақ кербез, Ақ кербез.
 
Айналайын, қарағым, қиылған қас,
Сені ойласам көзіме келеді жас.
Өзіңе арнап хат жазьіп жіберейін,
Сағынғанда оқы да бауырыңа бас.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *

Ақтолғай
Бозбаяада тағат жоқ қыз дегенде,
Таптырмайды қыз деген іздегенде.
              Ақтолғай.
Біздің көңіл қашаннаң өзіңде ғой,
Сіздің жүрек ке дейді-ау біз дегенде.
                   Ақтолғай.
 
Барийын десем жер шалгай,
Бармайым десем болмайды-ай.
Адасамын айнам-ау,
Ойларыма ормандай.
 
Өтті-кетті бір дәурен шегіншектеп,
Түн кешуге біз қалдық еріншектеп.
                Ақтолғай.
Ерке едің еліктей, көркем едің,
Қалыпсың ғой бір үйге келіншек боп.
                   Ақтолғай.
 
Барайын десем жер шалғай,
Бармайын десем ел қандай.
Қарайлаумен жүрсің бе,
Қан тамырдай жолдарға-ай.

* * * * *

Гүлдерайым
Ақ көңіл ағызайын әннің майын,
Жас дәурен іиалқып жатқан айдындайын.
Астынан алты қырдың шыққан даусым,
Жетсе екен қүлағына қалқатайдың.
 
Қайырмасы:
 
Ахау, Гүлдерайым,
Күн мен айым.
Үшарға қанатым жоқ
Неғылайын.
 
Жаз шықты жадыратып майдың айын,
Әніне шырқай кетті Гүлдерайым.
Шығады ащы даусым әнге бассам,
Қарағым, сені есіме алған сайын.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *
 
Көкем-ай
Шыңында өскен асқардың сен бір шынар,
Бір өзіңе, қалқатай, болдым құмар.
 
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.
 
Көрмегелі жүзіңді көп күн болды,
Құмарланған көңілім қашан тынар.
 
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.
 
Қайырмасы:
 
Ел қыдырып іздесем,
Табар ма екем, көкем-ай.
 
Орта бойлы, қара көз шырайлым-ай,
Бір сөйлеспей өзіңмен тынармын ба-ай!
 
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.
 
Сөйлегенде тіліңнен бал тамады-ай,
Сенен көңіл басқаға бұрармын ба-ай.
 
Бұраң бел, көкем-ай,
Қасы, көзі қиылып
Қай жерде отыр екен-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
 * * * * *
 
Жариям-айдай
Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.
 
Қайырмасы:
Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.
 
Алып келген базардан білте шам-ий,
Бидай өңді аққұба құдашам-ай.
Сірә менің көңілім басылар ма,
Сақиналы қолыңнан ет асамай.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *

Қанатталды
Әндердің ұлы атасы «Қанатталды»,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды.
 
Гүл бақша көңілді бір әсем әнді,
Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды,
Ән шырқап бой жаза алмай, шалқыта алмай
Қалқытап қайран дүние, қанат талды.
 
Әнім ед сүйіп салған «Қанатталды»,
Бұл әнім балқытушы ед тыңдағанды.
Өмірден өз еркіме орын таппай —
Кейінге «Қанатталды» әнім қалды.

* * * * *
Ақ дариға
Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі-ай.
Ақ дариға, ілдіргелі-ай.
Қолымда бір қамшым бар бунақтаған,
Бәйгеден екі ат келер ойнақтаған.
Жүрмісің есен-аман, беу қарағым,
Көзіңнен айналайын жайнақтаған.
Ақ дариға, жайнақтаған-ай.

.* * * * *

Сары бидай
Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам ауылыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап ауылыңнан кетемін бе?
Қа й ы рма с ы
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
«Сары бидай» әнін,
Сағынып сонда салғаным.
 
Бұлт арылмай қойды ғой бастан, шіркін,
Сенсіз өмір секілді жалған, шіркін.
Ат арытып алыстан келгенімде,
Кер маралдай керіліп тұрсаң, шіркін.
 
Қ а й ы р м а с ы.

* * * * *

Құдаша
Келші, келші, бермен келші, құдаша,
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса.
«Кетші әрі» деп ұрса ма деп зәрем жоқ,
Не де болса шығып кетші оңаша.
 
Дедім-дағы қысып қалдым көзімді,
Жерге тастап кете ме деп сөзімді.
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ,
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.

* * * * *
 
Аңшының әні
Ахау,
Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы,
Жігіттің бұған құмар өнерпазы.
Күлім көз, оймақ ауыз бір сұлуды,
Тагы да алсаң тауып айдын көлдің қоңыр қазы.
Бір қызық, ит жүгіртіп аң ауласа,
Мінген ат шабуылмен танауласа.
 
Қарғылы тұрса тазың сылдыр тағып,
Керіліп бір сілкінсе дүр-дүр қағып.
Жылқышы жылқыдағы жараулы атты,
Бүгілтіп жетегінде жетсе алып.
Итті алып, аңға шықса, құсты біреу,
Еріне алтын балдақ етіп тіреу.
Жігіттің бес күн жарым ғұмырында,
Па, шіркін, болсын деген бұл бір тілеу!
 
Күн ұзақ түлкі қуып, тауды айналып,
Кеш болып, қараңғыда көз байланып.
Олжаны қанжығаға байлай салып,
Қонуға қызды ауылға ыңғайланып.
Желіккен сол көңілмен қайтқанда елге,
Мінген ат, қырауытып, батса терге.
Олеңші, домбырашы қасыңда боп,
Кез болсаң қоналқада бұраң белге.
 
Самаурын ақ шәйнекпен тұрса қайнап,
Отырса бір сұлу қыз көзі жайнап.
Сол күні қыз әкесі үйде жоқ боп,
Отырса әзілдесіп, күліп-ойнап.
Ол қызға бір жеңгесі қастау келсе,
Шешесі желөкпелеу жастау келсе.
Қу жігіт кездігімен түлкі сойып,
Әзілмен қалжың сөзін бастай берсе.
Сол жігіт бастай берсе әзіл сөзін,
Қараса қызға қадап, жігіт көзін.
Қиыннан қиыстырып сылтау таппай,
Отырса мырза ұнатып істің тезін.

 

* * * * * 

 


Қарағым-ай
Қара тайға жарасқан қара терлік,
Жараспайды жігітке төтен ерлік.
Жамандардың жабыққан ісі дейді,
Өлең айтып көңілді көтерелік.
 
Қайырмасы
 
Қарағым-ай,
Қырға шығып
Жолыңа қарадым-ай.
 
Аузыңды ашсаң көрінер маржан тісің,
Не демейді сыртыңнан дұшпан кісің.
Десе десін сыртыңнан дұшпан кісің,
Білінбей ме досыңа еткен ісің.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 


* * * * *

Келіншек
Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.
 
Қайырмасы
 
Әмірхан, Темірхан,
Ау, қалқатайым-ау,
Бір келіншек-ау.
 
Ағашы займкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенінде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.
 
Қайырмасы.

 

* * * * *

 

Туған жер
Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңдьі-ай!
 
Туған ел, амандасам жас-кәріңе,
Бірге өскен құрбы-құрдас, дос бәріңе.
Жарасқан әзіл-сауық аға-жеңге,
Аласың мені не деп естеріңе!
Туған жер, енді аман бол!

 

* * * * *

Әй-әй, бөпем
Ауылым көшіп барады Алмалыға,
Кім көнбейді тағдырдың салғанына.
Көрмегелі көп айдың жүзі болды,
Ата-анамның хабарын алмағалы.
 
Қайырмасы:
 
Әй-әй, бөпем,
Кейін қалған елімді
Көрер ме екем!
 
Туған жердің сағынып топырағын,
Көз алдыма келеді сол тұрағым.
Ата-анамды аяулы аңсағанда,
Ақ бөпемді аялап отырамын.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 

* * * * * 

 


Әсем әнім сырнайдай
Көзіңнен айналайын, қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріңе қонақтарын.
 
К, а й ы р м а с ы:
 
Ахау айым,
Әсем әнім сырнайдай,
Әлем сүйіп тыңдайдьі-ай.
Тамылжытып ән салмай,
Күнде думан болмайды-ай.
 
Көзіңнен айналайын қырғи қабақ,
Ойнаған су бетінде сен бір шабақ.
Салсам да алтын қармақ ілінбейсің,
Қайтейін қылығыңды, ей, ақтамақ.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 

 

* * * * *
 
Угай-угай
Ай қараңғы аспанда түн емес пе,
                                      угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе,
                                       угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұл-бұл,
                                        угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе,
                                         угай-ай.
 
Угай-угай — әніміз,
Арпа, бидай дәміміз.
Угай-ай деп ән салсақ,
Келіспей ме сәніміз.
 
Өлең деген немене білген құлға,
                                          угай-ай,
Ақ теңгесін кім қимас алар пұлға,
                                          угай-ай.
Оралыңның барында ойна да күл,
                                         угай-ай,
Өлгеннен соң адыра қалар тұлға,
                                         угай-ай.
 
Угай-угай — әніміз,
Арпа, бидай дәміміз.
Угай-ай деп ән салсақ,
Келіспей ме сәніміз.

 

* * * * * 

 


Қалқатайдың дауысы-ай!

 


Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамайын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.
Қ а й ы р м а с ы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалақатайдың дауысы-ай.
 
Бетер деймін ендеше, бетер деймін.
Осы бүгін коңіліңді көтер деймін.
Осы бүгін көңіліңді көтермесең
Ойнағаның, кулгенің бекер деймін.                   
 
Қ а и ы р м а с ы.
 
Тауып алдым аққудың жұмыртқасын,
Бізден сәлем айта бар, ұмытпасын.
Өлең айтпай біз қалай отырамыз,
Сіздерменен біздер боп жолыққасын.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
 * * * * *
 
Замандас
Айналайын көзіңнен
Жалт-жұлт еткен,
Жан бар ма екен
Бұл жерде сенен өткен.
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.
 
Үш ауылдың қыздары
Жиналса да,
Теңгермеймін өзіңе
Басы бутін,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.
 
Айналайын көзіңнен
Күлімдеген,
Басқан ізің ешкімге
Білінбеген,
Замандас,
Кездескенде есіңе алып амандас.
 
Ақша балық шомылған
Айдын көлден,
Алтын қармақ салса да
Ілінбеген.
Замандас,
Жолыққанда есіңе алып амандас

 

* * * * *
Бүлдірген

 

Басыпан Алатаудың арша ап жүрмін, 
Аршамды котере аямай шаршып жүрмін.

 

 
Қайырмасы:
 
Бүлдірген,
Қандай жақсы құрбылармен
Бір жүрген.
 
Белгісі шаршағанның осы емес пе,
Достарды оздеріңдей аңсап жүрмін.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Дегенмен қуаң қарға, қуаң қарға,
Қонады қуаң қарға дуалдарға.
Қ а й ы р м а с ы.
 
Қасыңнан айналшықтап кете алмаймын,
Басымды жібермейтін дуаң бар ма?
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Біреу жүр өзін-өзі билей алмай,
Біреу жүр келген бақты игере алмай.
 
Қа й ы р мас ы.
 
Он саусақ қарап тұрсаң бірдей емес,
Біреу жүр жалғыз басы күн көре алмай.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 

* * * * *

Үкілім-ай
 
Арғы жағы Еділдің, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
 
Қайырмасы:
Үкілімгай, көкем-ай,
Сағындым, сәулем, бір сені ойлап-ай.
                                                 .
Ата-анамды сағынып әнге салдым,

 

Бауырымның хабарын алмағалы.
Қайырмасы.
 
Ақ қағазға хат жаздым қалам алып,
Жүрек сырын қозғалтып әнге салып.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Ойнап-күліп жүруші-ек, жеңешетай,
Шалға кетіп қор болдым, есім танып.
 
Қайырмасы.

 

* * * * *

Айнам шырақ
Ішімді біл деген соң, ішімді біл,
                              айнам шырақ,
Өткен дәуір бұрынғы есіңде ме.
Өткен дәуір бұрынғы есте болса,
                               айнам шырақ,
Көп ойланып ал оны есінемей.
Қызыл өрік деген соң қызыл өрік,
                              айнам шырақ,
Біреуіңе біреуің болдың серік.
Базары бар ешкімді алмаушы едім,
                                 айнам шырақ,
Мен айналдым, шырақ-ау, сізді көріп.
 

 

* * * * *
 
Сары жез құмған-ай
Біздің ауыл сұрасаң Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.
 
Біріншіден не жаман — өсек жаман,
Екіншіден сүймеген төсек жаман.
Ер жігіттің бойында болмаса өнер,
Жақсы екен ғой жүргені есен-аман.
 
Қа й ы р м а с ы.

 

* * * * *

 


Сөйле, қалқам-ай
 
Қасың сұлу қағаздың қаламындай,
Туылғансың, жаным-ау, қалай мүндай, қалқам-ай.
Әкең сұңқар болғанда, шешең — пері,
Бір кісіден тумайды бала мұндай, сөйле, қалқам-ай.
 
Тауға шықсам сайрайды тау кекілік,
Қар жауғанда қалады жол бекіліп, сөйле, қалқам-ай.
Тісің науат болғанда, тілің — шекер,
Қабағыңнан тұрады нұр төгіліп, сөйле, қалқам-ай.
 
Жирен тай ма, ақ тай ма, қызыл тай ма,
Айдап салсам жатады терең сайда, сөйле, қалқам-ай.
Айтар болсаң сөзіңді бүгін айтшы,
Бүгіннен соң бір ауыз сөзің қайда, сөйле, қалқам-ай.

 

* * * * *

Сусамыр — елдің жайлауы
Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыга.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.
 
Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алгашқыда.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Елдік деймін, ендеше елдік деймін,
Сұлу қызға жарасқан белдік деймін.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Сырттай ғана өзіңді білуші едім,
Әдейі арнап аулыңа келдік деймін.
 
Қайырмасы.
 
Қара күрең асау-ай, кермегім-ай,
Еріккенде бағатын ермегім-ай.
     
          Қайырмасы.
 
Қанша ауыл қанша жер кезгем-дағы,
Сұлу жанды өзіңдей көрмедім-ай
 
            Қайырмасы.

 

* * * * *
 
 
Еркем-ай
 
Біздің ауыл Ақсайдың қақпасында,
                           жан сәулем.
Күміс жүген жарқылдар ат басында,
       еркем-ай.
Шыныменен көңілің болса бізде,
Шапан-ішік жамылып жат қасымда,
      еркем-ай.
Ай қараңғы, кеш жарық,
Ебін тауып келсеңші-ай.
 
Іле деймін, ендеше Іле деймін,
жан сәулем.
Өте шықсам Іледен міне деймін,
еркем-ай.
Кісі жары кісіге жар болмайды,
Өз жарыңның тілеуін тіле деймін,
еркем-ай.
Ай болмаса, жұлдыз бар,
Ебін тауып келсеңші-ай.

* * * * * 
 
Қоңыр қаз, үйрек

Ендеше он бесте едім, он бесте едім,
Кезінде он бес жастың жанкеспе едім. 
Қыздармен он бесімде жауласып ем,
Келгенше жиырма беске үйлеспедім.

 
          Қа й ы р м а с ы:
 
Қоңыр қаз, үйрек,
Үшады түйдек,
Құрбыңды алдай берме
Үйдеп, бүйдеп, ой, қалқа-ай.
 
Мінгенім дәйім менің торы құнан,
Ақсайды жануарым тобығынан.
Көңілің шыныменен менде болса,
Ауылдың жолығайық қорығынан.
 
Қайырмасы:
 
Ұлпадай бетің,
Мақтадай етің,
Жалғанда қиын екен
Ғашық дертің, ой, қалқа-ай.
 
Мінгенім дөйім менің қасқа құнан,
Қыздардың сақта, құдай, асқағынан.
Құласа шыныменен көңіл шіркін,
Ауылдың жолығайық тастағынан.
 
Қайырмасы.
 
Құрбым-ау, серттеселі, серттеселі.
Сақтаса серттен құдай ептелеседі.
Көңілің расымен болса менде,
Тасындай диірменнің беттеселік
 
Қайырмасы.
 
 * * * * *

Бау ішінде гүлмісің
 
Қасың сұлу көрінер көзіңменен,
Ерітерсің кісіні сөзіңменен.
 
Қайырмасы:
 
Бау ішінде гүлімсің,
Айым менен күнімсің,
Тырнағым саған ілінсін.
 
Күнде мұндай кезіміз келе бермес,
Айтып өлең кетейін өзіңе мен.
 
Қайырмасы:
 
Шәйі орамал басыңда,
Жеңгең отыр қасыңда,
Ойнап бір күлші жасыңда.
 
Егін-тегін тағы да егін-тегін,
Майы шығар семіздің тартса терін.
 
Қ а й ы р м а с ы.
 
Күнде мұндай мереке бола бермес,
Айтып өлең кетейін осы бүгін.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 

* * * * *

Угай-ай
Шөбі шуйгін төменгі көк қабақтың,
Қызы сұлу болады Көксадақтың, угай-ай.
Өлең, даусын сағынып жүргенімде,
Дауысы қайдан шығады ақ тамақтың, угай-ай.
 
Қайырмасы
 
Тау басында аршасы,
Басына бұлбұл қонсашы.
Оймақ ауыз, күлім көз,
Жарым сіздей болсашы.
 
Бәсі қымбат-ай базарда алашаның,
Қызы сұлу болады Қарашаның, угай-ай.
Көре алмай сағынып жүренімде,
Даусы қайдан шығады қудашаның, угай-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 

* * * * *

Жетіарал жерім-ай
Ана тау мен мына тау төтелейін-ай,
Түйе басын маған бер жетелейін,
 
Жетіарал жерім-ай,
Сауық сайран елім-ай.
 
Ой болса екен ендеше, ой болса екен-ай,
 
Өріп шығар қорадан қой болса екен.
 
Жетіарал жерім-ай,
Сауық сайран елім-ай.
 
Құдайдан мың-мың мәрте сұрайтыным —
Ауылымда күнде осындай той болса екен.
 
Жетіарал, жерім-ай,
Сауық сайран елім-ай.

 

* * * * *

Бұраң бел
Бір қамшым бар-ей қолымда жез
бауырдан-ей,
Кірсем шыққым-ей келмейді қызды
                       ауылдан-ей, бұраң бел.
Аулың алыс кеткендей-ей, қарағым-ай,
Жақсы көрдім-ей өзіңді бауырдан-ай,
бұраң бел.
Қайырмасы:
 
Қара-ай көз-ай, қыпша бел,
Мені ойласаң-ай мұнда кел.
Еш кетпейсің-ай ойымнан,
Ұзақ таңға-ай, бұраң бел.
 
Ұшып жүрген әуеден-ей көкек деген-ей,
Бауырында балапаны-ей секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам-ей барма менің-ей,
Айрылып қалқатайым-ей кетет деген.
 
Қ а й ы р м а с ы.

 

* * * * *

Жан қалқатай
Дәйім менің мінгенім көгілдірік,
көгілдірік,
Көк дөненге жарасар өмілдірік-ай.
Жерің шалғай кеткенде құрбыластар,
                                    құрбыластар,
Осы әніме сала жүр төгілдіріп-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Аққұйрық шай, бозжорға тай,
Есен-аман жүрмісің, жан қалқатай-ай.
 
Дәйім менің мінгенім құла қасқа,
                                         қүла қасқа,
Таудан соқпақ салдырдым құламасқа-ай.
Ауылың алыс кеткенде құрбыластар,
                                           құрбыластар,
Бет орамал беріп кет жыламасқа-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Ақау десек,
Мамық төсек,
Бара берсек ауылыңа
Болады өсек-ай.
 

 

* * * * *
 
Қара жорға
Айдап салдым жылқымды теріскейге,
Бақпай қойса мал шіркін өрістей ме-ай.
Жылқы ішінен саңлақты ұстап мініп,
Осылайша ән салсам-ай келіспей ме-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:
 
Қара жорға,
Жорғалатып салайын-ей,
Жолдан жолға-ай.
 
Жүйрік те бар, жылқымда жорға да бар,
Бір атымнан тер іиықса-ай пиғылым тар-ай.
Ортақ малын елімнің өсірем-деп,
Отаныма көтерген-ай сенімім бар-ай.
 
Қ а й ы р м а с ы:

 

* * * * *

Әгугай
Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүріпбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай.
 
А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.
 
Арамызда Төлеген көп жыл өтті, ахау,
Нелер келіп бұл басқа, нелер кетті, әгугай.
Арада өткен сегіз жыл сергелдеңде, ахау,
Хабар айтып жіберсең нең кетеді-ай, әгугай
.
А-а-ай,
Қыз-Жібек енді келгенше.
Иіліп сәлем бергеніие.
Даяр етіп қоялық.
Салдырып сарай өзгеше.
 
* * * * * 

Қоғалы
Бозбеткейлім-ай ендеше, бозбеткейлім, ахау,
Бозбеткейден-ай ендеше, мал кетпейді-ай,
 
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.
 
Шөбі жұмсақ-ай шаруа, шөбі шүйгін, ахау,
Бағланы мыңғырған жер жетпейді-ай,
 
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.
 
Маусым — мамыр-ай болғанда, маусым мамыр,ахау,
Мал құдықтан су іиіер абыр-сабыр-ай,
 
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.
 
Самал соқса қызылдан, ақ дауылмен, ахау,
Күн қызады, жер бусап, жасыл адыр-ай,
 
Қоғалы-ай,
Қоңыр салқын,
Малға жай.

 

* * * * *

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен