Рейтинг@Mail.ru

1855-1881

* * *

Кім екен деп келіп ем түйе қуған,

Қатың ғой күлдәрімен белін буған.

Төркініңнің бергені жауыр айғыр,

Баурыныңды ұрайын бірге туған.

 

Шығыс ақындарынша

Иузи - рәушан, көзі- гәуһәр

Ләғилдек бет үші әхмәр,

Тамағи қардан әм биһтар

Қашың құдрәт қоли шигә.

Өзәң гузәлләра раһбар,

сәнә ғашиқ болып кәмтар,

Сүләйман, Ямшит, Искәндәр

Ала алмас барша  мүлкигә.

Мүбадә олса ол бір кәз,

Тамаша қылса йузмә-йуз

Кетіп қуат, йумылып көз,

Бойың сал-сал бола нигә?

 

***

Фзули, Шәмси, Сәйхали,

Навои, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз - бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири фәрияд.

 

Шәріпке

Түңлікбайдың қатыны атың Шәріп,

Байға жарып көрмеген сен бір кәріп.

Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши,

Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.

 

Абралыға

Мен жасымнан көп көрдім

Мұсылманды, кәпірді.

Абралыдай көрмедім

Намаз білмес пақырды.

Қира'әтін оқытып

Көріп едім, шатылды.

Ниет қыла білмейді,

Не қылады нәпілді.

Намазшамның артынан

Құржан-құржан етеді.

Жер ұшық берген кісідей,

Тоңқаңдай ма, не етеді;

Нәпіл түгіл, намазы

Бәрі желге кетеді.

"Еннатайына кәлкәусар"

Пошал дереу күнәкар,

Аяғын ойлап айтқаны,

"Әні-шаны күлаптар".

Осы оқумен намаздың

Қай жерінде сауап бар?

Тегін ойлап байқасаң,

Мұнда ми жоқ, құлақ бар.

 

Жақсылыққа

Аяғыңды аңдып бас, ей Жақсылық!

Өзбасыңда жының бар бір бақсылық;

Борышқорлық адамға қиын нәрсе

Әрқайда, өсткізеді мал тапшылық.

 

***

Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!

Саяламай, сай таппай,

Күні-түні жай таппай?

Сен жайыңа жүргенмен,

Қыз өле ме бай таппай?

Түн кезгенің мақүл ма,

Жан- жағыңа жалтақтай?

Өлермін деп жүрмісің,

Мұнан басқа жан таппай?

 

Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!

Сабыр түбі-сары алтын.

Сабыр қылсаң жайыңды

Білер ме екен бекзатым?

Көңіл аулап сөз айтар

Арадағы тілхатым;

Ағын судай екпіндеп,

Лайы жоқ суатым.

 

Сап-сап, көңлім,сап, көңлім!

Сана қылма бекерге!

Сана қылғанмен пайда жоқ.

Дүние даярөтерге,

Ажал даяр жетерге.

Хош, қыз алсын қойынына,

Бейнет көрмей, дәулет жоқ.

Әлі барып кетерге,

Оныменен бойыңа

Иман, дәулет бітер ме?

Адалды сатсаң арамға,

Құдай қабыл етер ме?

Қыз сүйеді мені деп,

Оған көңіл көтерме!

 

Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!

Сарқа берме санасын.

Бәрін өзің білсең де,

Әлі-ақ өзін танасың.

Өртенесің, жанасың,

Өз-өзіңнен бейнетке

Өз басыңды саласың.

Қай мезгілде тойғыздың

Аюдайын ағасын.

Қатыны мен қалашын?

Қарсақ жортпас қара адыр,

Қарамай неге шабасың?

Сонда тәуір бола ма,

Ұстап ап біреу сабасын?

Киіміңді тонасын,

Елге де күлкі боласын.

 

Сап-сап, көңлім, сап, көңлім!

Сағынышқа сарғайма!

Жәй жүрсең де қыз қумай,

Сені біреу қарғайма?

 

Қыз іздесең, қалың бер,

Мұным ақыл болмай ма?

Көріп алсаң көріктіні,

Таңдап алсаң тектіні,

Сонда да көңіл толмай ма?

 

Егер адал жүргенде,

Тіпті жолың болмай ма?

Басты бет > Дәстүр > Тағам > Ұлттық Ойындар > ЖігіттіңҮшЖұрты > Қолөнер > Әндер > Мақал-Мәтел > Ырым-Тыйым > Бата > Жұмбақ > М.Мақатаев > ШешендікСөздер > Ертегі > Есімдер > ТөртТүлік > Қазақтар > Абай > Кочевник > Дүкен